Ақжайықта саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды

Аудан әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, Ақжайық ауданы бойынша 422 адам зобалаңға ұшыраған. Мұндай ескерткіш жазықсыз жандардың есімдерін ұмытпай, өткеннен сабақ алу үшін қажет.

Аталмыш ескерткіш авторы - Асқар Отарғалиев. Енді аудан тұрғындары жыл сайын осында келіп, зобалаң жылдар құрбандарын еске алатын болады.