«Ақжайықтың» қаржы мәселесі шешілетін болады

«Ақжайық» футбол клубының бас директоры Рашид Хуснутдиновтың хабарлағанындай, команда басшылығы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездескен. «Облыс басшысы футболшыларға қалыптасқан жағдайды түсініп, сабыр сақтағаны үшін ризашылығын білдірді. Клубтың ойыншылар мен бапкерлер алдындағы қарызы түгелдей жабылатын болады. Сонымен қатар команданың чемпионатқа одан әрі қатысуы үшін қаржы бөлінеді. Тағы бір жаңалық, камерундық легионер Саджо Хаман «Ақжайықтан» кетпейтін болды. Қаржы мәселесі шешілгеннен кейін Қазақстан футбол федерациясы «Ақжайықтың» алты ұпайын кері қайтарып береді деген үміт те бар», деді Р.Хуснутдинов.

«Ақжайық» ертең өз алаңында «Атырау» командасын қабылдайды.