Бұған дейін мәлім болғанындай, 2016 жылғы 6 мамырда Гуандун провинциясының апелляциялық соты Қазақстан азаматшасы 22 жастағы Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы жазаның күшін жойған болатын.
«Қылмыстық іс бірінші инстанция сотына жаңадан қаралуға жіберілді. Қазір іс төменгі инстанцияға келіп түсті. Алғашқы отырыс 2016 жылдың тамыз айының екінші жартысында өткізілетін болып белгіленді. Егер тағы қандай да бір өзгеріс болатын болса, мүдделі тұлғалар қосымша құлағдар етіледі», - деді С. Нұрмағамбетов.
Естеріңізге сала кетелік, 20 жастағы қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурыз айында Гуандун провинциясының орталығы - Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған есірткі заттарын жасырын тасымалдаған деген айып тағылды.
Ақжарқынның айтуынша, ол Қытайға брендтік киімдер сатып алып келуге барған. Ал есірткіні оған клубта кездейсоқ танысқан таныстары жасырын салып жіберген.
Сот үкімі бойынша Ақжарқын өмір бақи бас бостандығынын айырылды. Бірақ, оның қорғаушы тарапы қарсы шағым түсірді.