Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
"Ақжүніс" әйелдер партиясын құрамын! Барлық қазақ әйелдері бірігіңдер!
Кім жаңа партия заңгері болғысы келеді, өз-өзіңізге, біліктілігіңізге сенімді болсаңыз, хабарласыңыз!
2-3 жыл бұрын қоғамдық бірлестігімді тіркейтін мекенжай таппай, қырық туыс, жүз досқа жалынып, "зияның тиеді, билік менің соңыма түсіп алады, қорқамын" деп, ешкім өз үйіне тіркегісі келмей, ақырында қолымды бір сілтеп қойған едім.
Әйелдер партиясын пропискаға қоятын адам табыла ма екен?", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.