Ақжүректің келесі межесі - Олимпиада алтыны

«Болашақ жоспарым - Бразилияда өтетін Олимпиада ойындары «алтыны» үшін күресуге тырысу. Жазғы ойындарда жеңімпаз атану оңай емес. Сол себепті, барынша тыңғылықты дайындалып, олимпиада чемпионы атануға тырысамын. Келесі меже - алтын», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ақжүрек Таңатаров қола медаль үшін белдесуде түрік палуаны Рамазан Сахинмен күресіп, жеңімпаз атанған болатын.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Лондон олимпиадасында жарыс жолына шыққан Ақжүрек Таңатаров 66 келі салмақ санатында белдеседі. 1986 жылы дүниеге келген ол Жамбыл облысының тумасы. Қазақстанның төрт дүркін чемпионы. Астанада күрес түрлерінен өткен Олимпиадалық іріктеу жарысында А.Таңатаров күміс жүлдеге ие болып, лицензияны қанжығасына байлаған.