Бұл туралы ол “Kezdesu” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Ол кісі өзінің қателіктерін мойындап, “осындай, осындай болды” деді. “Мені енді ешкім киноға шақырмайтын шығар” дегенімде, “жоқ, сені шақырамыз” деді де, тақырып сол жерде жабылып қалған. Хейтерлер оны әрі қарай алып кетіп, бір-бірімізді салыстырып кетті. Бағымызды салыстырып, сол кішкене тиіп кетті. Сол кезде мен бақ туралы әңгіме айтқан болуым керек, ол әңгіме сол кісіге ұнамай қалған болу керек. Өзіне сенімді адам, шығармашылық адам сынды қабылдау керек, ол үшін үйреншікті болу керек. Әр нәрсеге ренжи берсе, онда ол сахнаға дайын емес деген сөз”, - деді Бақыт Тұрман.