Әр қазақстандықтың қолында кемінде төрт банк картасы бар

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Қазақстанда 48 млн төлем картасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 49,7%-ға көп.

Соңғы үш жылда айналымдағы карталар саны шамамен жылына 35,7% -ға артып отыр.Сәйкесінше оны пайдаланушылар саны да өсіп келеді. Тек 2020 жылы олардың саны 31,6%,артып 39,2 миллионды құраған.

Бүгінде әр ересек қазақстандыққа төрт төлем картасынан келеді. Көрсеткіш жағынан көшті Алматы қаласы бастап тұр, мұнда бір адамға 9 картадан келсе, елорда тұрғынының бір басында орташа 6 карта бар.