"Новости" РАА хабарлауынша, Арабия аралдарында мұнай шығаратын үш мемлекет өздерінің ұлттық валютасының долларға байлануынан бас тартуға дайын, деп мәлімдеді аптаның екінші күні "Аль-Баян" газетіне Дубайдың әлемдік қаржы орталығының басқарушысы Омар бен Сүлеймен.
"Аль-Баян" газетінде жарияланған эмираттық экономистің мәлімдесінде мемлекеттердің аты-жөні туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ, мұндай шешімнің қашан қабылданатыны жайлы мәліметтер де жарияланбаған. Алайда, қазір Біріккен Араб Әмірліктерінің орталық банкі " дирхам бағамының долларға шаққандағы бағасына байланудан бас тарту мәселесін зерттеп, валюталық бағамды өзгертуді ойластыруда" деп хабарлайды ресейлік агенттігі.
Омар бен Сулейменнің пікірі бойынша, егер Парсы шығанағының Араб елдерінің ынтымақтастық кеңесі (оған БАӘ, Сауд арабиясы, Бахрейн, Кувейт, Катар және Оман Сұлтандығы кіреді) бұл мәселеге қатысты ұжымдық шешім қабылдамаса, "онда парсы шығанағындағы үш араб мемлекеті валюталық бағамды өзгерту жөнінде жеке шешім шығарады", деп атап өтті ол.
"АҚШ -қа саяси соққы жасау үшін, долларға байланудан бас тарту жөнінде Иран президенті Махмұд Ахмадинежад бірінші болып жар салды. Мұндай мәлімдемелердің басты мақсаты- басқа мемлекеттердің долларға деген сенімділігін жойып, оны әлемдік валюта деңгейінен аластату", -деген пікірді Тәуекелді бағалау тобының (ARG) директоры Досым Сәтпаев білдірді.
Д. Сәтпаевтың айтуынша, мұндай қорытынды бірқатар елдерге тиімсіз, өйткені әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігіннің алтын валюталық қорында доллардың қомақты пайызы бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті