Арабтар шайтанға тас ату уақытын күрт қысқартты

Ресми Сауд мұның себебін Мина аңғарындағы 2300 адам қайтыс болған трагедияға байланысты түсіндіріп отыр.

Биыл шайтанға тас ату рәсімі Минада 11 қыркүйек күні басталып, 3 күнге созылады деп жоспарлануда.

Жамаратқа белгіленген уақыт аралықтарында баруға тыйым салынады: бірінші күні – таңғы 6:00-ден 10:30 дейін, екінші күні 14:00-ден 18:00 дейін, үшінші күні таңғы 10:30-дан 14:00 дейін.