Арал маңы тұрғындарының 26 млн. теңгесі жымқырылған


Тергеу барысында «Бота» қорының бұрынғы қызметкерлері 2012-2013 жылдары азаматтарға қаржылай көмек үшін рәсімделген банк карточкалары бойынша ақша алып отырған. Соның нәтижесінде қылмыскерлер 26 млн. 760 мың теңгені өз қажеттеріне жаратқан. Адамдар өз құжаттарын бере отырып, оның «Бота» қоры қызметкерлеріне не үшін қажет екендігін де сұрамаған. Олардың атынан қор қызметкерлері ақша алып отырғандығын тұрғындар білмеген.