"Ол алғаш рет 1928 жылдың қараша айында эфирге шыққан. Осыдан 4 жыл бұрын ақша тапшылығына байланысты облыстық радиохабарларын тарату тоқтатылған еді. Қазір жағдай жақсара бастады. "Қазақстан телевидениесі мен радиосы" Республикалық корпорациясы хабар таратуды қайта жандандыруға 15 млн астам теңге бөлді. Құрал-жабдықты жаңалауға да ақша табылды", - деді Ж. Қарабала.
Оның айтуынша, "бағымызға сай аса бай фонотеканы сақтап қалуға мүмкіндік туды". "Көне Сыр өңіріндегі ұлы жыраулар мен күйшілердің саз жазбаларымен қатар, алғашқы ғарышкерлердің үндерінің бірегей жазбалары бар, одан Мұстафа Шоқайдың, Нартай Бекежановтың, Ыбырай Жақаев секілді танымал жерлестеріміздің дауысын естуге болады", - деді Ж. Қарабала.
Кезінде барлық мұрағат жазбалары аудиокассетаға көшірілсе, енді оларды сандық жүйеге көшіру жұмысы күтіп тұр. Жылдың екінші жартысында сөйтіп Қызылорданың үні қайта шығады.
Облыстық радионың хабар тарату уақытын тәулігіне 18 сағатқа жеткізу межеленген.