Арал өңірінің тұрғындарына әлеуметтік көмек ретінде 2007 жылы 1 млрд 133 млн теңге бөлінді

"Қызылорда облысында 10 айдың қорытындысы бойынша, тікелей әлеуметтік көмек көрсетілгендер қатары 14 мыңнан асты", - деді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің директоры Ирина Ким. Оның сөздері бойынша, мұндай көмек "кедейшілік деңгейінен аспайтындарға" ғана беріледі. 2007 жылдың 4 тоқсанында, бұл көрсеткіш 3837 теңгені құрады.

Сондай-ақ "кедей от басылары, коммуналдық төлемдерді өтеу үшін, тұрғын үй төлемдері беріледі ( жылу үшін). Бұл мақсаттарға 132,6 млн тенге бөлінді", -деді И. Ким.

Негізгі азық-түліктер бағасы мен коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің өсуіне орай, аудандық және Қызылорда мәслихаты тарапынан "әлеуметтік жағынан аз қорғалған топқа, қосымша 600 теңге әлеуметтік төлем бөлу жөнінде шешім шығарылды", - деген ақпаратты департаменттегілер айтты.

"2008 жылдың бюджет жобасында 2 млрд тенге бөлу көзделген. "Қосымша қаржы әлеуметтік көмекке, балалардың жәрдем ақысына және тұрғын-үй төлемдеріне жұмсалды, - деді департамент директоры. Оның себебі айқын: азық-түлік пен коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің көтерілуі".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті