Арал теңізі туралы көркем фильмнің сценарийі жазылып жатыр

«Аралдың қасіреті барлық адамға ортақ мәселе. Алайда оны бәрі бірдей толық сезініп отырған жоқ. Аралдың тартылуы Орталық Азияның ғана емес бүкіл планетаның ортақ мәселесі. Тартылған теңіз табанынан көтерілген тұздың Солтүстік мұзды мұхиттан ғана емес, Америкадағы Анд тауынан табылуы соның нақты айғағы», - дейді автор. Арал теңізінің қасіреті оның жан-дүниесіне қатты әсер еткенін айтқан режиссердің сөзіне қарағанда, мәселенің толықтай өз шешімін табуы үшін оны халыққа өнер тілімен жеткізу керек. Өкінішке орай, әлі үлкен шығармалар жазылып, көркем фильмдер түсірілген жоқ. Деректі фильмдер мен шағын жанрдағы әдеби шығармалар жалпы жұрттың назарын аудара алмауда.

Арал теңізінің көлемі 1960 жылдарға дейін 1066 шаршы шақырымды, тереңдігі 30-60 метрді, тұздылығы - 10-12 пайызды құрайтын. Одан кейін өңірді игеру басталған соң игерілетін жер көлемі Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5 есе; Қазақстанда 1,7 есе; Түрікменстанда 2,4 есе өсті. Ал қос өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Соның нәтижесінде 1960-1965 жылдар арасында ғана 44 мың текше метрге, ал 1990 жылдары екі есеге дейін қысқарды. Сондай-ақ деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 шақырымға дейін қусырылып, судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Кейбір зерттеушілер Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг желмен ілесіп келіп түсетінінін дәлелдеген.