Арал теңізінің тартылып қалған бөлігінде емдік қасиеті бар тұщы су табылды

Бұл туралы Tengrinews.kz "Ферғана" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұщы су Нүкістен 400 шақырым жерде - Қарақалпақстан астанасында 260-280 метр тереңдікте. Басылымның мәліметінше, тұщы судың емдік қасиеттері бар.

Артезиан құдығының ашылу шарасына Өзбекстанның бірінші вице-премьері Ачилбай Раматов пен Өзбекстанның бас прокуроры Отабек Муродов қатысты. Аудан әкімшілігінің басшысы Сайлаубай Данияров тұщы судың мал шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ, аудандағы экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізетінін айтады.

Биыл сол маңдағы аудандарда осыған ұқсас тағы 40 бұлақ көзін ашу жоспарланып отыр. Басылымның мәліметінше, Өзбекстан Оңтүстік Аралдың суы тартылған қалған жерлерін зерттеуге арналған бағдарлама қабылдаған. Онда көрсетілген шаралар 2021-2023 жылдар аралығында жүргізіледі.