Арал теңізінің құрғаған жеріне өсімдіктер егіледі 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Арал теңізінің құрғаған табанында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ҚазҒЗИАҒШ-ның ғылыми қызметкерлерімен және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мамандарының қатысуымен кеңес өткізді.

Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары және ғылыми қызметкерлердің атқарып жатқан зерттеулері жайлы мәселелер қаралды.

Кеңес қорытындысында Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ҚазҒЗИАҒШ-ның Алматы филиалына бірқатар тапсырмалар берілді. Арал теңізінің құрғаған табанында отырғызу материалдарын өсіру фитолесомелиорациялық екпелерді құру бойынша жұмыстар бақылауда болуды назарға алу тапсырылды, - делінген министрлік хабарламасында.