Аралда Ақтан батыр жылы айшықты қорытындыланды - Қызылорда облысы

Екі күнге созылған осы мерекелік салтанаттың бағдарламасы барынша көрнекті болды. Оның бірінші күні Н.Кенжеғұлұлы атындағы мәдениет үйінде ақындар айтысы мен жыр мүшәйрасы талай тарланның бағын ашты. Келесі күнгі шаралар қаладағы №62 орта мектептің акт залында ғылыми-тәжірибелік конференциямен басталды. Осы жерде «Ақша бұлтты Ақтан батыр» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті.

Содан кейін жаңадан ашылған Жанқожа батыр мен Ақтан батыр алаңында Ақтан батыр жылына арналған театрландырылған көріністер қойылды. Соңынан қос батырдың ескерткіштері ашылып, олардың рухтарына бағышталып ас берілді. Салтанат сәті бұдан соң қалалық ипподромда ат бәйгесіне ұласты. Ал кешке қарай ақындар айтысы мен жыр мүшәйрасының қорытындысы жарияланып, жүлдегерлер марапатталды.