Аралда облыстың мәдениет қызметкерлері өнер сынасты - Қызылорда облысы

Байқауда Арал, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған және Шиелі аудандарынан барлығы тоғыз кешен өнер жарыстырды. Байқау алдында Арал ауданының әкімі Нәжмадин Мұсабаев шараға қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Байқаудың қорытындысында бірінші орынға Арал ауданының «Ақ желкен» мәдени -жылжымалы кешені лайықты деп танылды. Екінші орынға аралдық «Асыл мұра» мен сырдариялық өнер ұжымы орналасты. Үшінші орынды Жаңақорған, Шиелі аудандарының мәдени- жылжы­малы кешен қызметкерлері жеңіп алды. Байқау жеңімпаздарын облыс­тық мәдениет басқармасының бөлім бастығы Алма Қойшығұлова құттықтап, арнайы грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.