Аралды аяз буып, қалың қар басты


Аудан әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қыс басталғалы бері Аралда полигонға 3800 тонна қар шығарылды.
Қар жауған кезден бастап күнделікті таңертеңгі 6-ға дейін қала көшелеріне 60 тонна құм мен 10 тонна тұз себіледі. Аудан орталығын қардан тазартып оны сыртқа тасымалдау жұмыстары тәулік бойына бақылауда тұр.