Аралды құтқару қорының донор-елдерінің кезекті отырысы биылғы тамыз айында Душанбеде өтеді

Отырысқа Халықаралық қордың Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы өкілдіктерінің басшылары мен Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Еуроодақ пен ЮСАИД өкілдері қатысты.

Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қордың бас маманы Хабиб Гайбуллоевтың хабарлауынша, отырысты Тәжікстан Республикасының премьер-министрі Козидавлат Коимдодов басқарды. Отырысқа қатысушылар екі күн бойы бағдарлама үйлестірушілерінің Аралды құтқару жөніндегі ұсыныстарын талқылады. Хабиб Гайбуллоевтың айтуынша, отырыс нәтижесінде коммюнике қабылданды. Бұл құжатқа сәйкес Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қордың су шаруашылығы , әлеуметтік-экономикалық , экологиялық және гидромелиоративтік салалардағы жұмыс топтарының іс-қызметін үйлестіру шараларының жобасы жасалады.