Аралдың тарихи табанда қазірдің өзінде тарихи жауын рекорды тіркеліп, бір жылдық жауын-шашын нормасы жауды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы Алтай Айнабек өз парақшасында жазды.
Ол дегенің, 68 000км2 теңіздің үстіне шілдеге қарамай, қуаңшылық болжанғанына қарамай, 100 мм кемі су жауын түрінде түсті деген сөз. Сонда, ол шамамен 6-7 км3 су.
"Ал жұмыстар басталар алдын мен парақшамдағы бір видеомда ескерткендей, периферияда да жауын болады, өйткені, жауынды Арал теңізінің үстіне локализациялау этапына өткен жоқпыз. Ол кезде нәтижелер бұйырса тіпті керемет болайын деп тұр.
Біздің жағдайда, периферия деген Аралға су беретін Сырдария мен Амудария өзендері, және басқа аймақтар. Жер асты су деңгейі де артуда. Көрші елдер бұрынғыдай Аралға суды қысып беруге мүмкіндігі де болмай отыр. Яғни, амалсыз суды Аралға “сброс” жасауда, Аралға қайтаруда, барлығына су жетіп артылып жатыр", - деді маман.
Кеше министр арнайы Қызылорда облысына келіп, “Солтүстік Аралға құйылатын су көлемі 12,5 есе артты”, деп мәлімдеді. Меніңше ол әлі де аз көрсеткіш. Су одан да көп келеді, өйткені, соңғы жауындардың сулары әлі Аралға жетіп үлгерген жоқ.
"Сіздерге бір нәрсені айтқым келеді, жобаның басталу уақытын біз белгілеген жоқпыз. СуШар министірлігі, болжам бойынша жауын аз болатын кезеңді таңдады. Және де, бірінші этаптың аяқталу уақытын да аталмыш министірлік шешеді. Біздің ойымыз бен әрекетіміздің барлығы - бұлт, және жаңбырмен Аралға су құю ғана", - деп аяқтады ойын.