Испан технологиясымен жабдықталған жаңа зауыттың қуаттылығы орасан. Жыл басынан бері 22 мың тоннадан астам тұз өндірілсе, оның 13 мың тоннасы ас тұзы. Қалғаны техникалық және басқа бағытта.
«Мемлекет басшысы барлық мекемеге жалақыны үстемелеуді тапсырды. Біздің оған шама-шарқымыз жетеді. Өндіріп отырған өнімімізге сұраныс бар. Техникаларымызды жаңаладық. Жұмысшылардың жағдайын бірінші кезекке қоямыз. Өйткені маман болмаса, ісіміз ілгері баспайтыны анық, - дейді «Аралтұз» АҚ вице-президенті Мұқан Мырзағұлов.
Тоқсан жылға жуық тарихы бар «Аралтұз» АҚ-ның өнімі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан секілді шет мемлекеттерге экспортталады. Алдағы уақытта Сауд Арабиясы, Жапония, Қытай мемлекетімен байланыс орнату жоспарда бар. Бұл жобалар тиімді жүзеге асып жатса, өңірдің экономикасы мен әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосылатыны аян.