-Удостоверение покажете
-я сейчас гражданский
- 5 минут назад тоже гражданский были
- да, да, да
Бұл оқиға былтыр күзде болған. Рөлге мас күйде отырған шенді полицей екі автокөлікті сырып өтіп, аялдамада тұрған автобусты соққан еді. Сөйлеуге шамасы келмей, тілі бұралып тұрған мына азамат сол кезде Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Таспа тек ғаламторға тарап, үлкен шу тудырғасын Владимир Зиборов қызметінен қуылды. Енді сот шешімімен бүгін 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылып отыр. Жеңіл жазаны сот тараптардың келісімге келуімен түсіндірді. Ал рөлде мас болғаны мүлде дәлелденбепті. Өйткені оқиға орнына жеткен Зиборовтың әріптестері ешқандай хаттама толтырмаған.
Азат Бапанов, СҚО ІІД әкімшілік полициясының инспекторы:
-Біз келгенде жәбірленушілердің бәріне шығын толығымен өтеліпті. Олар еш «талабымыз жоқ» деп қолхат жазып берді. Бәрі де үйлеріне кеткісі келгесін біз оларды ұстағанымыз жоқ. Хаттама да толтырмадық.