Әрбір он секунд сайын өкпе ауруынан бір адам қайтыс болады


«Өткен жылы бұл көрсеткіш 100 мың халыққа 321 адамды құрады. Енді, салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, қант диабетіне шалдыққандардың саны 100 мың халыққа 158 адам болып отыр. Демек, бұл өкпе ауруына шалдыққандардың екі есе өскендігін көрсетсе керек», - дейді И.Козлова. Маманның хабарлауынша, бүгінде әлем бойынша өкпе ауруына шалдыққандардың саны 210 млн. адамға жетті. Одан әрбір он секунд сайын бір адам қайтыс болады. Бұл ауруды болдырмаудың бір жолы - темекі шегуді барынша қысқарту.