Әрбір Қазақстан мектебінде ішкі істер органының қызметкері жұмыс істеуі тиіс - премьер

"Жақында Алматыда ыңғайсыз жағдай болды. Немқұрайдылықтан ба екен, әлде, тағы басқа себептер бар ма, гранат жарылуынан кісі өлімі орын алды", - деді К. Мәсімов. "Мен ішкі істер министріне Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, әрбір мектепте ІІМ өкілі, яғни инспектор болуы мәселесін талқылауды тапсырдым", - деп атап көрсетті ол.

"Қазір тексерулер жүріп жатыр. Тексеру кезінде көптеген оқу гранаттары оқудікі болмай шықты", - деп атап көрсетті премьер.

Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне ІІМ-мен және облыс әкімшіліктерімен бірлесе отырып "мәселені зерттеуді және жақын арада жағдайды шешу үшін ұсыныстар енгізуді" тапсырды.