"Arcelor Mittal Temirtau" цехындағы өрт домна пешінің тоқтауына алып келді

Департамент ақпаратына сүйенсек, өрт 19-желтоқсан күні кешкі сағат 5 шамасында шыққан. Өрт клапандарды басқару гидростанциясында шыққан.

Өрт 20 шаршы метр аумаққа таралған. Өрт салдарынан №3 домна пешін тоқтатуға тура келді, қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ.

"Өрт кәсіпорынның өрт сөндіру бөлімінің күшімен-ақ ауыздықталса да домна пеші тек 20-желтоқсан күні таңертең ғана қайта іске қосылды. Осының салдарынан кәсіпорын белгілі бір шығындарға тап болуы мүмкін", - деп хабарлады Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.