Ардагерлер Алматы әкіміне соғыста құрбан болғандардың ескерткішін ойрандауды тоқтату туралы өтініш жасады



"Алматылық ардагерлердің үйлестіру кеңесі атқарушы билік органдарын және құқық қорғау органдарын бейіттерді бақылауды күшейтуге және жауынгер - боздақтардың бейіттерін ойрандау мен ескерткіштерді ұрлауға бағытталған кез-келген әрекеттерге толыққанды тосқауыл қоюға шақырды",- деп айтылған ардагерлердің үндеуінде.

Сонымен қатар, Чернобыль және жергілікті соғыстардың ардагерлері одағының президенті Рахым-қажы Әбдікәрімов ойрандау оқиғаларының "бүкіл республика бойынша кең етек алып бара жатқандығын" атап өтті.

Ш. Өтегенов өз кезегінде, құқық қорғау органдарының мұндай қылмыстарды ашуы туралы сұрақтарына жауап бере отырып, "егер жәбірленушілер тарапынан бастама болмаса, онда бейіттерді ойрандау жөніндегі істер жабылып қала береді" деп атап көрсетті. "Біздің жолдаған үндеуіміз әкімшілік және басқа да билік органдарының назарына алынып, түсіністік табады деп сенеміз",- деп қорытындылады Ш. Өтегенов.