Ардақ Байғабыл: «Ажырасу – әйелдердің білімсіздігі мен тәрбиесіздігінен»

Қоғамда белең алып тұрған ең өзекті мәселелердің бірі – ажырасу, дейді дінтанушы Ардақ Байғабыл Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген сұхбатында.
Осы мәселе бойынша, арнайы өзінің тұрғылықты жеріндегі сот өкіліне барған.
-Алматы облысы, Қарасай ауданының сот өкілінің айтуы бойынша күніне ажырасуға 5 арыз түседі. Соның жүз пайызын да әйелдер құрайды.
Көпшілігінде «күйеуім ақша таппайды, жұмыс істемейді» деген мәселе ғана. Бұл жағдай менің басымнан да өтті. Екі жыл жұмыссыз болдым. Бірақ, әйелім барып ажырасамын деп арызданған жоқ, айтқан да жоқ. Алла сақтасын, әрине.
Мен әйелдерді түсінбеймін. Мүмкін, ер адамдарға қолдау көрсету керек шығар. Еркекті көрге де, төрге де сүйрейтін әйел. Әйелдер баланы ойламайды. 5-6 баламен қайда барады. Ажырасып алып, өзі жұмыссыз жүрген еркекті алимент төлеуге мәжбүрлейді. Ал, тұрақты жұмысы жоқ еркек қайдан алимент төлейді. Біздің қазіргі көтеріп жатқан мәселеміз осы.
Әйелдер ажырасуға білімсіздіктен барады. Екінші, тәрбиесіздіктен. Үйінде тал бесіктен тәрбие жоқ, - деп басып айтты дінтанушы.


-Ажырасып кеткен әйел жүреді 5-6 баламен қиналып, қайда барарын білмей. Еркекке бәрібір. Екінші рет, үшінші рет үйлене салады. Еркек қиналмайды. Айналып келгенде қиналатын әйел.
Ер азаматтардың ішіп келіп, әйелін, балаларын ұрып-соғатындар да бар. Әрине, ол бөлек әңгіме. Жоғарыда атап өткенімдей, көп қателіктер әйелдер тарапынан болады, деді сөзін қорытындылап.