Аргентина президенті барлау қызметін таратуға ниетті


жаңа агенттік құрғысы келетінін мәлімдеді, деп жазады ВВС. 

Ұлттық телеарнадан сөз сөйлеген ол тиісті заң жобасы парламентке жіберілетінін хабарлады. Президенттің айтуынша, қазіргі барлау құрылымы хунта уақытынан бері өзгермеген.

Би-би-си тілшісі хабарлағандай, президент мәлімдемесін 1994 жылы Буэнос-Айресте Еврей мәдени орталығында орын алған жарылыс жайындағы істі жүргізген прокурор Альберто Нисманның құпия өлімінен кейін хабарлап отыр. Ел конгресінің тыңдауында сол оқиғаға қатысты күдіктілердің есімі аталуы тиіс.