Аргентинада орын алған тәртіпсіздіктер салдарынан бес адам қаза болды

Төрт адам қиратушылық әрекеттер салдарынан қаза болған. Қаза болған тағы бір адам тоналған және өрт қойылған дүкеннің иесі, деп атап өтеді агенттік.

Сонымен қатар, АП мәліметтеріне қарағанда, жүздеген адам жарақат алған, аргентиналық  23 провинциясының 19-да мыңдаған дүкен мен үй тоналған.

Тәртіпсіздіктердің орын алуына жалақы мен әлеуметтік жеңілдіктерге көңілдері толмай отырған жергілікті полиция қызметкерлерінің ереуілге шығуы себеп болған.


Билік тәртіпсіздіктер мен тонау салдарынан ондаған миллион долларға шығын келтірілді, деп бағалап отыр.