«Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Аргентина мен Қазақстан құрамалары арасындағы Дэвис Кубогы үшін 1/4 финалдық матчтың мерзімі өзгергендігін растады. Дэвис кубогының күнтізбесі бойынша, барлық ширекфиналдық кездесулер 8-10 шілде аралығында өтуі тиіс болатын. Бірақ 10 шілде, жексенбіде Буэнос-Айрестің мэрі мен үкіметінің сайлауы өтетіндіктен, Аргентина-Қазақстан матчы 2011 жылдың 7-9 шілдесіне ауыстырылды», - делінген хабарламада.
Осылайша, Дэвис кубогы үшін Аргентина-Қазақстанның ¼ финалдық матчы Буэнос-Айресте: 7 шілдеде - жекелей екі ойын; 8 шілдеде - жұппен бір ойын; 9 шілдеде - жекелей екі ойын өтеді. Матчтар Parque Roca стадионында өтеді.