Алматы облысында жол апатынан "Аргументы и факты Казахстан" газетінің газетінің 33 жастағы тілшісі Александра Ястребова қайтыс болды, деп әлеуметтік желілерде оның әріптестері мәлімдеді.
Әріпестерінің айтуынша, А.Ястребова күйеуі, ұлы және қызымен еңбек демалысын өткізбек болып Алматыдан Жезқазғанға көлікпен аттанған.
Қарағанды тас жолының 280 км жерінде олардың көлігі автобуспен соқтығысқан. Апаттан тек кішкентай қыз ғана тірі қалды. Ол басынан ауыр жарақат алған.