Әрі кетсе жұмыстан шығарар. Митингке барған бас имам жұртты таңқалдырды (видео)

Оралда өткен 4 қаңтарда митингте ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Құралбайұлы да алаңға шығып, жастарға өз кеңесін айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Экспресс К-ке сілтеме жасап.

Имамның сөйлеген сөзін оралдық адвокат Абзал Құспан Facebook парақшасына жүктеді.

Бұл біздің қазақтың жері. Пайғамбарымыздың өзі соғысқа жіберіп тұрғанда қарсыластың еліне барғанда шөбін жұлмаңдар, ағашын сындырмаңдар деп бұйырған. Әйелдерге қол көтермеңдер, ақсақалдарға тимеңдер деген,

— деп сөз бастаған БҚО-ның бас имамы.

Ол Жаңаөзендегілер осылай емін-еркін тұрып-ақ өз мақсаттарына жетіп жатыр. Сондықтан бейбіт шеруді бүлікке айналдырмайық деп халықты сабырға шақырған.

"Біз өз мақсатымызға жетеміз. Бірақ ешқандай қирату болмасын. Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады. Қатты-қатты сөйлесең, мұсылман дінінен шығады деген. Шәкірттерім, тамақ әкеліп жатыр. "Ұстаз тапсырмаңызды орындадық, бірақ бірді-екілі ішкен жігіттер де бар екен деп айтты. Сосын алаңға өзім келдім. Мені әрі кетсе, жұмыстан шығарар, — дейді Бақытжан Құралбайұлы

Ол осы ретте Тәуелсіздігімізді арақпен қорғаған жоқпыз. Сондықтан ішіп алғандарды үйлеріне қайтарыңыздар деп айтты.


Елдің сиқын бұзбаңыздар. Одан да сау 10 шақты жігітті шақырыңыздар. Бір-бірімізді құрметтейік, сыйлайық.

— деді имам.

Жаңа жылдық мерекелік демалыс кезінде, яғни 2 қаңтарда еліміздің батысындағы Жаңаөзенде халық сұйытылған газ бағасының 60 теңгеден 120 теңгеге көтерілгеніне халыққа қарсы шықты. Кейін бұл митинг еліміздің бірнеше қаласында жалғасты.