Қаныш Мамалинов қаңтардың бірі күні таңға жуық 31 жастағы жігітті қағып, мерт қылған болатын. Алғашында оны әріптестері ақтап алуға тырысқан. Кейін прокурордың жылдамдықты асырғаны анықталып, көліктің техникалық байқаудан өткені де өтірік болып шықты. Бірақ, мұндай қылмыс жасағандарды түтіп жейтіндер тергеу кезінде тайраңдап жүрген прокурордың қолына сол күйі кісен салған жоқ. Марқұмның туыстарымен мәмілеге келген ол жазадан жеңіл құтылып кетіпті. Айта кетсек, Қаныш Мамалинов Қарағанды облыстық экология басқармасының бастығы Шагурашид Мамалиновтың ұлы.