Аркалық элеватор басшылығы бүлінген астық үшін шамамен 400 млн теңге төледі

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдегендей, тексеру анықтағандай «Элеватор Агрофуд» ЖШС нан қабылдау қосынында сақталған астықты «кене» мен «қарақоңыз» бүлдірген.

Сот «Элеватор Агрофуд» ЖШС-нен Азық-түлік корпорациясының пайдасына 338,2 млн теңге зиян өндіріп, 67,6 млн теңге мөлшерде айыппұл салу туралы шешім шығарған.