Археологтар Алтайдан әлемдегі ең көне әшекейді тапты

Шағын ғана тесігі бар моншақ тәріздес әшекей бұйымының көлемі кіп-кішкене ғана. Осындай тым кішкентай көлемде оны  арнайы жабдықтарсыз жасап шығару мүмкін емес, деп хабарлайды Svopi порталынан.

Қазіргі кезде ғалымдар табылған заттың құрылымын анықтап, тарихқа дейінгі кезеңде осындай жұмысты қалай жасау мүмкін болғанын білгісі келіп отыр.

Зерттеулер өткізілген соң, әшекей Қиыр Шығыс халықтарының тарих мұражайына жіберіледі. Қазіргі кезде ғалымдар оны егжей-тегжейлі зерттеуге арналған барлық қажетті тесттерді өткізіп жатыр.