Арктикада мұз 1990 жылдарға қарағанда үш есе жылдам еріп жатыр

26 елдің ғалымдарынан құралған топ НАСА жерсеріктері мен Еуропа ғарыш агенттігінің мәліметтері негізінде дайындаған баяндамада осылай айтылған.

Арктикадағы мұздың еруі салдарынан Гренландия аралдарында әлемдік мұхиттың деңгейі 1992 жылдан бері 11,1 миллиметрге көтерілген.

Ғалымдар көптен бері арктика мұзының еруі осылай жалғаса берсе, оның түбінде жоғалатындығын, мұның салдары адамзатқа аса ауыр тиетіндігін ескертіп келеді.