«Арландардың» директоры Манкенов орнын босатты

Алтын алуы тиіс арландар жартылай финалдан аса алмады. Алға қойған мақсат орындалмаған соң команда басшысы Болат Манкенов өз орнын босататынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Аламан» порталы.

Естеріңізге сала кетейік, Мәскеуде «Астана Арландары» мен Мәскеудің «Динамо» клубы арасында Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) аясындағы бәсекенің жартылай финалындағы қарымта жекпе-жегі аяқталды. Арландар 0-5 есебімен жеңіліп, биылғы маусымға нүкте қойды.