Күні кеше Матай өзге жігітпен көпшіліктің көзіне түсті. Қазнеттің қызу талқысына түскен жұлдызды жұптың қазіргі қарым-қатынасы қалай? Оқырмандарын алаңдатқан атышулы отбасылық одақтың мәселесі жайлы оқи отырыңыз.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінде бұл жұптың отбасылық одағына оқырмандары қатты алаңдаулы. Олардың секемденуіне секем де жоқ емес. Бұрындары бақытты сәттерін желіге жиі жүктейтін Арман мен Аша қазір жанұялық естеліктерін бөлісуді доғарған.
Ерлі-зайыптылардың екеуі де инстага бірге түскен суреттерін соңғы рет алты ай бұрын жариялаған. Мұны байқаған жанкүйерлері жұбайлардың әр жазбасына әр түрлі сұрақ қойып отырады.
"Аша Матаймен ажырасып кеттіңіздер ме?", "Ашамен бірге түскен суретіңізді қоймайтын болсыпсыз", - дейді олар.
Көпшіліктің күдігі сейілмей тұр. Аша желіге бейтаныс жігітпен халық назарына ілікті. Бикеш жігіттің жүзін жасырған. Елді елең еткізген фото Матайдың фан-парақшаларының бірінде жарияланып, сәлден соң өшіп үлгерді.
Қазнетте тараған қауесетке жұлдызды жұптың мардымды жауап берер түрі жоқ. Аша декреттік демалысқа аттанардың алдында Арман жеке шығармашылығын қолға алатынын айтқан-ды.
"Жарты жылдай дуэтте ешқандай жаңалық болмайды. Мен жеке шығармашылығыммен айналысамын", - деді Қоңырбаев.
Жарты жылға жуық уақыт жуықтаса да, бұл дуэттің жеке өмірінде де, шығармашылығында да жағымды жаңалық жоқ.
Ашаның ақпан айында берген сұхбатында ол өзі жүргізген атышулы "Қалаулым" бағдарламасын тізгіндеуі тиіс еді. Алайда ол бағдарламаға қайта келмеді. Соған қарағанда жұлдызды жұптың жоспары күрт өзгерген секілді.