Сағынып жүр деп ойла,
Сарылып жүр деп ойла
Сенсіз мына тағдырға
Бағынып жүр деп ойла
Сен едің бар асылым
Қара көз қарашығым
Жанып аққан жұлдыздай
Жалт етіп ғайып болдың
Қайырмасы:
Неге, неге ау жаным
Қасымда қалмадың?
Мәңгілік жанымда боламын деп едің
Алдадың, жайдары күндерім
Жұлдызды түндерім күндерімді үзбеймін
Өзіңді іздедім
Ау жаным,қасымда қалмадың
Мәңгілік боламын деп едің
Сезген ем жалғанын
Жайдары күндерім
Жұлдызды түндерім
Күндерімді үзбеймін
Өзіңді іздедім мен!
Ойланбасын дейсің бе
Мұңға батсын дейсің бе?
Өзге жанға жар болып
Мені ұмытсын дейсің бе?
Сезім жанды қинайды
Басқа амалым болмайды
Сен деп соққан жүрегім
Өзгені қаламайды
Қайырмасы: