Арман Шораев Абзал Құспан мен Әбілдаханқызынан өтемақы ретінде 10 миллион талап етті

Бұл туралы Сәуле Әбілдаханқызы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Арман Шораевтың біздің үстімізден жазған арызы бүгін қолыма тиді. Абзал Құспаннан 10 миллион, менен 10 млн тг өтемақы талап етіпті", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Естеріңізге салсақ, Сәуле Әбілдаханқызы Су ресурстарының комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевтің де үстінен арызданған Арман Шораев екенін парақшасына жазған болатын.