Журналист Михаил Козачков оны қоғам қайраткері Арман Шораев деп топшылады.
Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Бұл Астана. Кештердің бірінде ер адам әйелдің шашынан тартып сүйреген. Камераға оның әйелді шашын тартып сүйреп, ұрып жатқаны түсіп қалған. Оқиға орнына жеткен полицейлер оның кім екенін анықтады. Видеодағы ер адам белгілі қоғам қайраткері Арман Шораев болып шықты. Таяқ жеген әйел - онымен бірге тұратын әйел. Ол арыз жазудан бас тартқан, Шораевқа ешқандай наразылығы жоқ”, - деп жазды Козачков өзінің телеграмм арнасында.
Көп ұзамай Арман Шораев та өз жауабын берді.
"Міне біз де жасанды интеллектінің құрбаны болдық. Осы жалған айыптауың үшін жауап бересің, Козачков",- деп жазды Арман Шораев.