Арман Тұрлыбек Сәтпаев қаласының әкімі болды

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, А. Тұрлыбек бұған дейін Қарағанды облысының коммуналдық шаруашылық және энергетика департаментін басқарды.

Арман Тұрлыбек 1971 жылы дүниеге келді. Үш жоғары білімі бар. 1993-2007 жылдар аралығында Сәтпаев қаласында түрлі қызметтерді атқарып, соның ішінде Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасарлық қызметінде болды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай Сәтпаев қаласының бұрынғы әкімі Қанат Балмағамбетов 9 сәуірде Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды