Армандаған көлігіне қолы жеткен жігіт көп ұзамай онысынан айырылып қалды

Моншадан шықса, көлігі жоқ! Артемға судай жаңа тұлпарды жасаған жақсылығы үшін автосалонның қожайыны сыйға тартқан. Алайда көліктің қызығын енді көремін бе дегенде оны әлдебіреулер ұрлап әкетеді. Бірақ, қолды болған көлігі сол күйі таптырмай, полицейлерден де күдер үзген жігіт ақыры іздеуге өзі кіріседі.       

Күндердің күнінде Артем өзінің жаңа көлігін жергілікті қылмыстық топ жетекшісі ұрлағанын түсінеді. Меншігін қайтару операциясы да осы тұстан басталған.     

Гоша Куценко, актер (Ресей):

- Мен Қазақстанға бірнеше картина алып келдім. Бірақ, бұл киноның орны бөлек. Көңіл көтере отырып, өмір туралы салмақты ойға қаласыз. Тамаша түсірілген картина, міндетті түрде көруге кеңес беремін.


Дмитрий Дюжев, актер (Ресей):

- Бұл экшн. Бұл драма. Бұл кинодан бас алмай қарауға болады. Жанры аралас. Тек фильм соңында шиеленіскен оқиға шешімін тапқанда ғана ес жинайсың.

Кино комедия жанрында түсірілгенімен, ішінде шытырман да көп. Айтпақшы, оқиға желісі өмірде болған жайттан алынған.