Армандар орындалатынына сендіретін Елена Блиновскаяның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

112 Telegram арнасының жазуынша, оның үстінен екі қылмыстық іс қозғалған: аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты жария ету және салық төлеуден жалтару.

Тергеу мәліметтері бойынша, Блиновская "бизнесті "бөлшектеу" схемасын қолданып, табысын азайтып көрсетіп, 2019-2021 жылдар аралығында жалпы сомасы 918 миллион рубльден астам қосымша құн салығын және жеке табыс салығын төлемеген.

Сонымен қатар алынған қаражатты заңды түрде иелену, пайдалану және билік ету көрінісін беру мақсатында оны қаржылық операциялар жүргізу арқылы ресмилендірген.


Бұған дейін Ресейде блогерлер Валерия Чекалина (Лерчек) мен Александра Митрошинаға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Оларға салықты алаяқтық жасады деген айып тағылды.