"Арман"су каналының жұмысшылары аштықты тоқтатты

Кеше таңертең оларға қарыз болған үш айдың жалақысы және төртінші айға аванс берілді. Наразылық танытуышылардың айтуынша, су каналының басқа жұмысшылары тек үш айға тиесілі жалақыларын алды, ал мекеменің инженерлік техникалық тобының берешегі өтелген жоқ.

Осыған дейін хабарланғандай, өткен жұма күні Шахан ауылындағы "Арман" су каналы МКК бес жұмысшы әйелі төрт айдың жалақысын талап етіп, мерзімсіз аштық жариялаған болатын. Мекеменің жұмысшылары алдындағы қарызы 1,9 млн. теңге. Бар-жоғы мекемеде 49 жұмысшы бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті