Арматурамен ұрған: Маңғыстауда төбелестен 25 жастағы жігіт қайтыс болды

Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

30 қыркүйек түнгі сағат 01.30 шамасында аурухананың қабылдау бөліміне белгісіз екі адам ер адамның өлі денесін алып келіп, артынша жоқ болып кеткен.

«Сол жерде 1993 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын анықтадық. Барлық тергеу істері Мұнайлы ауданының ішкі істер бөліміне тапсырылды», деп мәлімдеді аурухана дәрігері.

Белгісіз болып қалғысы келген ақпарат көздерінің мәліметі бойынша Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында екі жігіт төбелесіп қалған. Қарсыласы қайтыс болған жігіттің кеудесін арматурамен ұрған.



Дереккөз: 24.kz