Армен Джигарханян жансақтау бөліміне түсті

"Армен Джигарханян шұғыл түрде Склифософский атындағы  институтқа жатқызылды. Қазір ол  реанимацияда, - деді агенттіктің ақпарат көзі. - "Инфаркт" диагнозы әзірге расталмады".

Джигарханян - кеңес және ресейлік театр және кино актері, театр режиссері, педагог. 1935 жылы Ереванда туған.

II, III және IV дәрежелі "Отан алдындағы еңбегі үшін" ордендерімен марапатталды.