Армения 1 ақпаннан ЕЭК алқасына төрағалық етеді

Бұл туралы Бурабай курорттық аймағында былтыр  16 қазанда өткен  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко хабарлады. «Келесі жылы 1 ақпаннан бастап Армения Еуразиялық экономикалық комиссияға төрағалық етеді деп шештік», - деп мәлімдеді ол.

Бұдан басқа, 1 ақпаннан бастап ЕЭК Арменияның бұрынғы премьер-министрі Тигран Саргасян басқаратыны  туралы шешім қабылданды.


Тигран Саргсян ЕЭК Алқасының төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін АҚШ-тағы Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі болған. Бұдан бұрын ол Армения Премьер-Министрі болды.