Армения карабах текетіресін бейбіт жолмен шешуге ниет білдіруде

"Әзербайжан әскери іс- қимылдарға 100 пайыз көшкендігі туралы жариялады. Армения өз кезегіде бұл мәселені тек бейбіт жолмен шешуден өзге балама таппай отыр", -деп атап өтті министр. " Екі мемлекеттің президенттері, сыртқы істер министрлері карабах текетіресін бейбіт жолмен шешіутуралы келіссөздер жүргізуде", - деді ол.

"Менің пікірімше, бұл түйіткіл мәселеде 100 пайыз әскери іс -қимылдарға көшу туралы мәлімдеме жасау дұрыс шешім емес", - деді ол. " Арменияны әскери іс- қимылдармен қорқыту ешкімнің қолынан келмес", - деп мәлімдеді министр.

"Біз әскери қимылдардың болмағанын қалаймыз, карабах мәселесі бейбіт жолмен шешілсін дейміз", - деп өтті М. Арутюнян.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Әзербайданның қорғаныс министрі Армениямен қарулы қақтығыстардың болуы мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ. "Әзірге Армения тарапынан Әзербайжан территориясын басып алған жағдайда соғыстың өршуіне 100 % түрткі болып отыр", - деп хабарлады ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті