Армения Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сүйенсек, дауыс берген сайлаушылардың 52,87 пайызын жинаған премьер-министр Серж Саркисян жеңіске жеткен. Басты қарсыласы - Арменияның алғашқы президенті Левона Тер-Петросянның алған дауысы 2,5 есе аз. Сайлауда дауыс бергендер саны сайлаушылардың 70 пайызын құраған.